Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ 12.05.2017 жылы сағат 18.30 - да Жалпыұлттық ата-ана жиналысы өтті » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ 12.05.2017 жылы сағат 18.30 - да Жалпыұлттық ата-ана жиналысы өтті
23
май
2017

Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ 12.05.2017 жылы сағат 18.30 - да Жалпыұлттық ата-ана жиналысы өтті

Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ  12.05.2017 жылы сағат 18.30 - да Жалпыұлттық ата-ана жиналысы өтті

 

Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ  12.05.2017 жылы сағат 18.30 - да Жалпыұлттық ата-ана жиналысы өтті

 

Текелі қаласы «№5 орта мектеп» КММ Жалпыұлттық ата-ана жиналысының хаттамасы

Күні: 12.05.2017, сағ 18:30

Қатысқан ата-ана саны: 241

Мектеп файесінде сынып оқушыларының жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысқан қонақтар: Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы, Текелі қалалық Білім Басқармасының әдіскері Шенгелбаева Надира Бегайдаровна.

Күн тәртібінде:

1. Мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі

2. Демеушілік «Мектепке кітап сыйла» атты акциясын өткізу

3. Жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру және мектеп бітіру іс-шаралары туралы

4. МӘМС туралы

5. Сұрақ- жауап

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Э.Иманбердиева сөз алды. Ата-аналармен амандасып, сөзін жалғастырды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар, Бұхаралық ақпараттар құралдар өкілдерінің қатысуымен және 1-11 сынып оқушыларының осы мектептің 241 ата-анасы жалпы ата-аналар жиналысына қатысып отыр. Мектепке келіп жиналысқа қатысып отырғандарыңызға алғыс айта отырып, жұмысымызды жалғастрайық!

Республика бойынша барлық орта білім беру ұйымдарында 2017 жылдың 12 мамыр күні сағат 18.30-да жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтіп жатқанын туралы хабарлаймын.

Осы аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту болып табылады.

Жиналыстың күн тәртібінде:

6. Мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі

7. Демеушілік «Мектепке кітап сыйла» атты акциясын өткізу

8. Жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру және мектеп бітіру іс-шаралары туралы

9. Сұрақ- жауап қарастырылады деді.

 

Қазақстан Республикасы бойынша 7100 мектептердің Ұлттық бірыңғай деректер қоры ақпараты бойынша 742 мектепте қамқорлық кеңесі құрылған.

Енді міне Біздің мақсатымыз: қамқорлық кеңесін құру.

Видео түсірілім көрсетілді.

Қамқоршылық кеңестері дегеніміз - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым.

Қамқоршылық кеңестері – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билік пен диалог құру құралы.

Қамқоршылық кеңестерінің мақсаты: Білім беру ұйымына қолдау көрсету, атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандырудаматериалдық - техникалық базасының нығаюына септесу, сондай – ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттары:

-Білім беру ұйымдарында білім беру,

-әлеуметтік – мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс – шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету;

-Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту.

-Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу;

 

Қамқорлық – жақсы адамның бағалы және керемет қасиеттерінің бірі. Тұлғаның қоршаған ортасындағы адамдарға деген қамқорлығы мен жәрдемін адамгершілік байланыстарын көрсетеді.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласын елден бөлек» деп Абай атамыз айтып кеткендей, барша осында жиналып отырған азаматтардың бойынан қамқоршылық таныту табылып жатса, білім ордасы мектепке білім алушы оқушыларымызға кез келген жағдайда қамқорлық танытып отырса, нұр үстінен нұр болатын еді.

 

Қамқоршылық кеңесінің құрамында кімдер бола алады.

-Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

-Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер өкілдері;

-Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;

Білім беру мекемесінің әрбір сыныптары қатарынан ата – аналар комитеті ұсынған бір – бір ата – ана.

-демеушілік көрсетуші азаматтар.

-Мектепте қамқоршылық кеңесі құру мақсатында қалалық беделді

өкілдермен кеңес жүргізілді.

Енді осы бағытта жұмыс алдын ала жүргізілді. Нәтижесінде, өзін қамқорлық кеңесінің мүшесі ретінде қарсылық білдірмей ұсынған азаматтарды атап кетсем,

-қарттар үйінің директоры Нұрмуханова Алма Муханғалиевна,

-ардагерлер кеңесінің орынбасары Ықласова Бақыт Капезовна,

-Текелі қалалық кеңесшілерінің адвокаты Жанболатов Талғат Тұрсынұлы,

-ардагер - ұстаз Кабира Ахметкалиевна,

- Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбаевич,

-Текелі қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Жантекеева Камшат Жұмабекқызы.


-Ата – аналар тарапынан өз ұсыныстарыңыз болса осы қамқорлық кеңеске өз тараптарыңызда ұсынуға болады.

Ортаға белсенді ата-ана Ахмедиева Құралай Тұрарбековна сөз алды.

 

Екінші мәселе бойынша сөз мектеп директоры жалғастырды. Құрметті ата – аналар, алдын – ала мектепте, «Мектепке кітап сыйла» атты акциясы бойынша хабарландыру айтылды. Сіздерге көптеген – көп рахмет, себебі, міне мектептегі қаншама стилаждар кітаптарға толы болды. Бүгін сіздер өз еріктеріңізбен мектеп кітапханашыларына көмек қолын бердіңіздер. Оқуға пайдалы деген кітаптарыңызды өздеріңізбен бірге алып келіп, мектеп кітапханаларына өткіздіңіздер, бұл да бір жарқын істың бастамасы. Өйткені, мектепте сіз бен біздің балаларымыздың білімі мен болашағы тұрғанын ұмытпайық. Ал біздің болашағымыз – балалар!

Келесі менің сөзімді жалғастыратын мектептің белсенді ата – аналардың бірі 10 сыныптың ата-ана комитетінің төрайымы Нұрова Гүлнар Нұрбайқызы сөз алды. өл өзінің ата-ана ретінде метктепке үлесін қосып отыратының және баланың бойында шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында мектепке кітап сыйла акциясына белсене қатысатының және басқа ата-аналарды осы акцияға қолдау көрсету керек екенін айтып кетті.

Үшінші сұрақ бойынша сөз кезегі оқу ісінің орынбасары Айдаболова Жанар Қуатқызы сөз берілді.

Видео түсірілім көрсетілді.

Бірінші оқу жылының аяқталуына байланысты және жаңа форматтағы ҰБТ туралы бейнеролик көрсетті. Ары қарай сөзін жалғастырды. Көріп отырғандарыңыздай бұл жаңалықпен таныссыздар. Жаңа формат екі блоктан тұрады. 1 блок ол оқушылар мектеп қабырғасында «мемлекеттік бітіру емтихандарын» тапсырады. 4 негізгі пән және 1 таңдау пәні. 11 жыл алған білімін дәлелдей отырып, қолдарына аттестат алады.

Мектептегі емтихан нәтижесі ҰБТ-ға қатысу-қатыспауына әсер етпейді. Атестаттау 2017 жылдың 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. 2 блок ол ЖОО түсемін, грантқа түсемін деген оқушы тестілеу орталықтарында Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. ҰБТ-ның жаңа форматы 5 пәннен тұрады. 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты 2 бейінді пәндері. Қандай бейіндік пәндерді таңдау арқылы қандай мамандық бойынша оқуға түсуге болатындығы біздің 10-11 сынып ата-аналары таныс.

 

Жалпы орта білім беретін ұйымдарда мектеп бітіру іс- шарасын өткізу бойынша мектеп директоры Э.Иманбердиева сөзін жалғастырды.

2016-2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттауды өткізу мақсатында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі және 10-12 маусым аралығында салтанатты түлектер кеші ұйымдастырылады. Жас түлектер ең алғаш мектептен қанатын жайып, үлкен өмірге ұшқалы отырғандықтан, ең біріншіден, осы кешке ата-ана жауапкершілігі жоғары болады.Түлектер іс- шарасы өтетін орында мектеп ішіне , сыртына кезекшілік кестесі бекітіліп, қамтамасыз етіледі. Яғни құқық қорғау органдарының қызметкерлері кеш барысында қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты ретінде қадағалайды.

-Әр түлектің өміріне адамгершілік, қайырымдылық және алғыс білдіру және өзіндік үлкен өмірге қадам басуға ұмтылуға бастау алатын мектептегі соңғы іс- шара болып табылады.

Сөз кезегі Текелі қаласының әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына берілді. Жалпы Ұлттық ата – аналар жиналысының маңыздылығы жайлы айтып өтті, 2020 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы Елбасының Жолдауымен, «Туған Жер» атты бағдарламасымен таныстырды. Қамқоршылық кеңес ұйымына қлдау көрсету жайлы айтты. Екінші мәселе бойынша, ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата – аналарына мамандықты дұрыс таңдауға кеңес берді. Кәсіптік мамандықтарды оқып, елімізде жетіспейтін мамандықтарды оқуға шақырды. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі жайлы толық ақпарат беріп өтті.

Жалпы Ұлттық ата – аналар жиналысының қорытындысында барлық ата – аналар «Атамекен» әнімен аяқтады.

Жалпы Ұлттық ата – аналар жиналысының шешім:

1. Ата – аналар жиналысын қорытындылай келе, қамқоршылық кеңесінің мәліметі есепке алынып, қамқоршылық кеңесі жұмысы жалғастырылсын.

2. «Мектеп кітап сыйла» атты акциясы жалғастырылып, кітапхана қоры толықтырылсын.

3. ҰБТ жаңа форматы бойынша мәлімет есепке алынып, тереңдетіліп жан – жақты жұмыс жасалынсын.

4. МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есеп Жұмыспен қамту бөліміне уақтылы өткізілсін.

5. Сұрақ – жауап: ата – аналар қойылған сұрақтарына толық қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 

 

Жиналыс төрайымы: Э. Иманбердиева

Хатшы: Ж. Ералиева