Мектеп туралы мәлімет » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп туралы мәлімет
15
февраль
2017

Мектеп туралы мәлімет


 




АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 
ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ
«№5 орта мектебі» КММ 

  

Алматинская область 

город  Текели

 
«средняя школа №5» Кгу 

 

   Мектеп тарихы

№5 орта мектеп 1971 жылы салынып, пайдалануға берілген. Алғашқы, орыс тілінде оқытатын 27 сыныбы, 960 оқушысы бар  мектептің директоры   Грязнов Александр Иванович болды.
1973-1980  жылдары мектеп  директоры  болған Давиденко Зинаида Спиридоновна  мектептің  өсіп  өркендеуіне көп  күш –жігерін  жұмсады.
1980-1991 жылдар  аралығында оқушылар мен ұстаздар жүрегіне  жол   тауып, мектепті  басқарған  Ли Борис Александрович  болды.
1991-1996 жылдар   аралығында мектеп  ұжымын  басқарған Штундер Тамара Трофимовнаның  тынымсыз еңбегі  мен    үздіксіз ізденісінің   нәтижесінде  көп жұмыстар   атқарылды.
1996-2004 жылдар   аралығында қасиетті  қара  шаңырақты басқарған Куракова Вера Трофимовна мектепте қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылуына, ұстаздардың үздіксіз   ізденістерін  жетілдіруде көп еңбек сіңірді.
2004- 2006 жылдары таза қазақ тілінде оқытатын  ұлттық мектеп болып қайта құрылған мектеп ұжымын бүкіл қажыр қайраты мен білімін жас ұрпақ  тәрбиесіне арнаған   еңбекқор,  ардагер ұстаз  Икласова Бахыт Капезқызы  басқарды.
2006-2013 жылдар аралығында мектепке Бейсембаева Гүлнар Әділханқызы басшылық етті.
2013 жылдан бері директорлық қызметке келген Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы өзінің көптеген игі істерімен, жаңашыл көзқарасымен көріне білген, мұғалімдердің кәсіби деңгейіне талғампаздықпен қарай алатын, тәжірибелі басшы.
 -  2008 жылы  өрттен сақтандыру сигнализациясы орнатылды
 -  2009 жылы    мектеп күрделі жөндеуден өтті
     Мектепте оқыту қазақ  тілінде жүргізіледі. Мектеп екі қабатты типтік ғимаратқа орналасқан. 964 орынға арналған. Мектеп жалпы міндетті орта білім беруді  іске асыратын коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.   Мектеп мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай –ақ орыс тілі және  ағылшын тілін үйренуді мемлекеттік жалпы білім беру стандарттына сәйкес қамтамасыз етеді. 


 

Похожие публикации: