Қазақстан Республикасының президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуы» атты Қазақстан халқына жолдау » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасының президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуы» атты Қазақстан халқына жолдау
15
май
2018

Қазақстан Республикасының президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуы» атты Қазақстан халқына жолдау

Қазақстан Республикасының президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуы» атты Қазақстан халқына жолдауын талдау
Мектеп директоры Э.Иманбердиева Елбасының 2018 жылғы кезекті жолдауына жалпы шолу жасап өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Жұмабаева өзінің қысқаша баяндамасында, мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция» жағдайындағы дамуына арналатынын баяндады: 2018 жылдың 10 қаңтарында жарық көрген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Елбасы жолдауы 7 тараудан тұрады. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы, Индустрияландыру бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспарлар жасалды. Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын жолдау болары сөзсіз.
Жолдауды оқып, таныса отырып, «Адам капитал- жаңғыру негізі» атты жетінші тарауда көрсетілген басымдылықтарды ұстаздар қауымы өз назарымызға алдық. Мұндағы білім беру сапасындағы жаңартылған білім беру мазмұнына көшу, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшу сияқты жолдаудағы басымдықтарды іске асыру алдымызда тұр. Мектеп түлектерінің елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеруіне 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша 1- сыныптарда орыс тілі пәні қазақ мектептерінде оқытылып келгендігі және алдағы уақытта 2019 жылдан бастап 10-11- сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшу басталатындығы баса айтылды.
Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейуі, сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізілуі нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өсетіндігі және бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңгенің бөлуініп отырылғандығы жолдауда айқын көрсетілген. Елбасы қашанда ұстаз, мұғалім мәртебесін жоғары қойып, жан –жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолғы жолдауда да мұғалім мәртебесіне аса үлкен назар аударуы мектеп мұғалімдеріне қуантарлық жағдай болуда.