Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс
01
сентябрь
2022

Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс

1-қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Ел президенті  «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз»  деп біздің   экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалатындығын,  азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуін қамтамасыз ету керектігі туралы айтты. Осы орайда мемлекет басшысы жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады. Олар:
• Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан кету;
• Бәсекелестікті дамыту, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
• Ұлттық табысты әділ бөлу.
Бүгінгі жолдауда ел дамуына негізделген реформалардың нақты бағдарларына тоқталып өтті: 
-     БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
-     ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ. 
- ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
- ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
-   БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Ел басшысы аталған бағдарларға кеңінен тоқталып, бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайтындығын,  күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасайтындықтарын айтты. Мемлекет басшысы халықты  ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырып, әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталғандығын, бұл бағдар ешқашан өзгермей, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса беретіндігін айтты.
Біз, мұғалімдер қауымы ел басшысы таңдаған  жолдан айнымай, Әділетті Қазақстанды бірге құруға қол ұшын беріп, ат салысамыз. Отанымыз көркейіп, өркендей берсін құрметті жерлестер!