Ыстық тамақты жүргізу » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақты жүргізу
10
январь
2022

Ыстық тамақты жүргізу

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Тамақтануды  ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.
Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) Өзге де санаттарына жататын отбасылардан шыққан балалар.
Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.
Бір реттік ыстық тамақ жалпыға білім беру қоры есебінен тамақтанатын оқушыларға 380,420 теңге  құрайды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі.Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ас мәзірінде балғын көкөністер болады.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады.Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.