Оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары
24
ноябрь
2020

Оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары

  Мусанов Ернар Жауынбаевич
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің дәл атауы көрсетіледі) «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, педагог-психолог.
3. Жынысы: ер
4. Туған жылы мен туған жері: 29.08.1988ж., Алматы облысы, Көксу ауданы ауданы, Еңбекшіқазақ ауылы
5. Ұлты:   қазақ
6. Білімі:   жоғары
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: -
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты:
2015ж.  Текелі қаласының әкімінің «Алғыс хаты»
2016 ж. «Отбасылық тәрбие институты» директорының «Алғыс хаты» 
2016 ж. Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хаты»
2017 ж. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының «Алғыс хаты»
2018 ж. «Білім және ғылымдағы инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда үздік баяндамасы үшін «Құрмет грамотасы»
2018 ж. "Ақын - халықтың жүрегі" атты республикалық шығарма және өлең байқауында шәкірт дайындап, белсенділік танытқаны үшін "Диплом"
2020 ж. «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының «Құрмет грамотасы»
9.Үйінің мекен-жайы: Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі 39 үй, 32 пәтер.
10. Жалпы жұмыс өтілі:  11 жыл
11. Саладағы жұмыс өтілі:  11 жыл
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:   3 жыл
13. Санаты: Сарапшы
Мусанов Ернар Жауынбаевич – білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асырудаға еңбегін сіңіріп жүрген ұстаз. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда сарапшы мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты
Оқушылардың жетістіктері:
2018 ж.  қалалық "Зерде" ғылыми-практикалық жұмысында І орын; 
2018 ж.  ІІІ Халықаралық «Жас ғалым» атты оқушылар арасындағы ғылыми байқауынан І орын;
2019 ж.  облыстық «Зерде» ғылыми-практикалық жұмысында І орын;
2019 ж.   республикалық «Зерде» ғылыми-практикалық жұмысында І орын;
    Сарапшы ретінде өз тәжирбиесін жаңа әдістермен, құралдармен байыптап отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендеріді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам. Үнемі жетістіктерге ұмтылады. Әріптестерімен бірлесе отырып, оқушыларымен жұмыс істеудің жаңа жүйесін жасай алады. Өзінің жалпы білім жүйесіндегі орнын, жеке мүмкіндіктерін жақсы біледі; ғылыми ізденістерді жақсы жүргізеді. 
     Ернар Жауынбайұлы білім беру қызметіне араласа отырып, өзінің әріптестері мен оқушыларды жаңа ұғымдарға тәрбиелейді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде психологиялық білімін пайдалана отырып, педагогикалық және психологиялық заңдарға сүйенеді. Ең маңызды қасиеті оның жалпы білім беру процесіне қолайлы психологиялық климат қалыптастыра алатын қабілеті бар педагог. Оның кәсіби дамуындағы айырықша қасиеттер деп мыналарды айтуға болады: жаңа инновацияны игеру үшін ашықтық, кәсіби қызметтің ұтымды тәсілдерін жасау үшін жүйелі ойлау әдісі, өзінің кәсіби мінез- құлқын объективті түрде бағалауға қабілеттілік, педагогикалық еңбек жетістіктеріне деген жоғары мотивация.