«BilimStart» жобасы 2022-2023 оқу жылына арналған
«BilimStart» жобасы
2022-2023 оқу жылына арналған
Мақсаты : Жоба үздік бағалар үшін қосымша сыйақыны біріктіру арқылы еліміздің оқушыларының қаржылық сауаттылығын және үлгерімін арттыру.
Міндеті:
- Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру, баға қорларын молайту;
- Мектеп оқушыларының білім алуға қызығушылықтарын арттыру;
- Ата-аналар мен оқушылардың электрондық журналдың қаралымын көтеру.
Күтілетін нәтижелер: Білім аушылардың білім алуға белсенділігі артады, қаржылық сауаттылығы көтеріледі. Жастар арасында оқуға деген қызығушылық болады. Мектебімізде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Қатысушылар: 4-10 сынып оқушылары.
Күнтізбелік жоспар
№ | Тақырыбы | Әдісі | Мерзімі |
1 | Жобаға қамтылған оқушылармен лездеме жасап, жұмыстың мақсат-міндеттерін айқындау. | лездеме | 16.01.2023 |
2 | Мектеп сайтына, әлеуметтік желідегі жеке парақшаға жоба туралы ақпарат орналастыру | әлеуметтік желі арқылы ақпарат тарату | 16.01.2023 |
3 | Әр айдың соңында статистикалық есеп шығару | есеп | Әр айдың соңғы күні |
4 | Білім алушылардың біліміне қойылатын бағалардың әділ жүргізілуін бақылау | бақылау | үнемі |
5 | Жоба барысы туралы мектеп сайтына, әлеуметтік желідегі жеке парақшаға ақпарат орналастыру | әлеуметтік желі арқылы ақпарат тарату | Әр айдың соңғы күні |
6 | 3 және 4 тоқсанның соңында 4-10 сынып (әр параллель сыныптан 1 оқушы) оқушыларынан 7 оқушыға жоғары балл жинағаны үшін қаржылай сыйақы беру | лездеме | І кезең 17.03.2023 ІІ кезең 30.05.2023 |
7 | «BilimStart» жобасының жұмысын қорытындылау | жұмыс лездемесі | 30.05.2023 |