ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес » "№5 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-26-60
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-26-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес
02
февраль
2022

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес


     Құрметті ата-аналар!

     2022 жылдың 7-8 ақпан күндері 11 сынып оқушыларының алғашқы ақылы ҰБТ –ға қатысады. Психологиялық қолдау – балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. 

    Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына көтермелеу қажет.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын алып беріңіз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тәртібін бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.

Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

*  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.

* Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.

  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.

*    Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.

  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.

  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.

*    Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.